Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының тұрғындарының пікірлерін және Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі Көкшетау қалалық комиссияның 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 1 шешімін ескере отырып, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қаласының келесі көше атаулары өзгертілсін:
«Чкалов» атындағы көше «Жұмабек Тәшенов» атындағы көше болып өзгертілсін;
«Коммунистический» көшесі «Мағзи Әбілқасымов» атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы қаулы және шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласының әкімі Б. Сапаров
Төртінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының
25 сессиясының төрағасы Н. Ахат
Төртінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының хатшысы Қ. Мұстафина