Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № А-6/996 қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы № С-25/10 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1-1-106 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының тұрғындарының пікірлерін және Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі Көкшетау қалалық комиссияның 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 1 шешімін ескере отырып, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қаласының келесі көше атаулары өзгертілсін:
      «Чкалов» атындағы көше «Жұмабек Тәшенов» атындағы көше болып өзгертілсін;
      «Коммунистический» көшесі «Мағзи Әбілқасымов» атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы қаулы және шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі                   Б. Сапаров

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының
      25 сессиясының төрағасы                    Н. Ахат

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының хатшысы               Қ. Мұстафина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады