Ескерту. Ақмола облысы Ақкөл ауданы мәслихатының 2009.12.21 № С25-2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Ауылдық аумақтар және агроөндірістік кешендердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жергілікті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережелері бекітілсін (қосымша).
2. Ақкөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 ақпандағы № С 17–3 «Кәмелетке толмаған балаларды ұстауға арналған әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі 2005 жылғы 23 наурыздағы тізілімдемесінде № 3091 тіркелген және аудандық «Знамя Родины» газетінің 2005 жылғы 9 сәуірдегі 14-санында жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа түседі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ. Нұрсадықов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ю. Ужакин
КЕЛІСІЛДІ:
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев
БЕКІТІЛДІ
Ақкөл аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 1 маусымдағы
№ С 19-4 шешімімен
Жергілікті органдардың шешімі бойынша жеке
санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ереже, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі «Ауылдық аумақтар және агроөндірістік комплекстердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленіп жасалды.
1.Азаматтардың мұқтаждық көруші жеке санаттағыларына әлеуметтік көмек көрсету (әрі қарай-әлеуметтік көмек)–әлеуметтік-қорғалатын азаматтарға, әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаж адамдарға ақшалай төлемдер төлеу.
Әлеуметтік көмек: жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылда ерен еңбек еткен және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдарға қалалық көліктерде жеңілдіктермен жүруге;
мемлекеттік мереклерде және әлеуметтік-маңызы бар күндерде;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақы алушылар есебінен туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қаупі бар» балаларды қосымша тамақтандыруға;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға тамақ өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке;
ауылдық мекеніне жұмысқа келген медикалық қызметкерлерге коммуналдық қызметке төленген шығындарды өтеуге;
өмірдің қиын жағдайларға түскен азаматтарға көрсетіледі.
бұрынғы кәмелетік жасқа толмаған концлагер тұтқындарға коммуналдық қызмет төлемдер бойынша шығындарды өтеуге
2. Әлеуметтік көмек, аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген әлеуметтіккөмек көрсету бойынша комиссия шешімінің негізінде, бюджет белгілеген қаржы шегінде «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай–уәкілетті орган) тағайындалады.
3. Әлеуметтік көмекті алуға Қазақстан Республикасының азаматтары және Ақкөл ауданында тұрақты тұратын оралмандар құқылы.
4. Әлеуметтік төлемдер, тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасның Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы төленеді.
5. Әлеуметтік көмекке үміткер адам өкілеттік органға өтініш, қосымша келесі құжаттарды береді:
1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;
3) мұқтаждық көруін растайтын құжаттың көшірмесі (өмірдің қыйын жағдайларға түскен алушылар үшін);
4) жеке көмек түрлерінің төлемдеріне құқығын растаушы құжаттың көшірмесі;
5) оралмандық куәліктің көшірмесі (оралмандар үшін);
6) жұмыс берушімен еңбек шартының көшірмесі (денсаулық сақтау қызметкерлерге);
7) жеке шөттің көшірмесі.
Құжаттар тұпнұсқада және көшермеде теңістіру үшін тапсырылады, кейін тұпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
6. Өтініш иесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына жауап береді.
7. Уәкілетті орган, өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап он күннен асырмай әлеуметтік көмек көрсету комиссиясына жібереді.
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау уәкілетті органмен әлеуметтік көмек бойынша комиссия шешім шығарған күннен он бес күнтізбелік күннен аспай жүргізіледі.
3. Жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
9. Жұмыссыз болған азаматтар мен кәмелетке толмаған балаларды жерлеуді жүзеге асырушы адам әлеуметтік көмек алуға құқылы.
10. Әлеуметтік көмек жерлеуді жүзеге асырушы адамның табысына қарамастан тағайындалады.
11. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек жұмыссыз болған азаматтың немесе кәмелетке толмаған баланың өлген күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей өтініш берілген болса төленеді.
12. Жұмыссыз болған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек, егер, өлген адам қайтыс болар алдында жұмыссыз болған болса тағайындалады.
13. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек анықталған бес айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
4. Қалалық көлікте жүрудің жол ақысына
жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылдағы ерен еңбегі және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдардың қалалық көлікте жеңілдіктермен жүрулеріне жыл сайын әлеуметтік көмек алуға құқылы.
15. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін тағайындалады.
16. Әлеуметтік көмек өтініш берген адамның табысына қарамастан тағайындалады.
17. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға қалалық көлікте бір айда 4 рет жол жүру ақысы есебімен анықталады.
5. Мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызды
күндерде әлеуметтік төлем төлеудің тәртібі
18. Зейнетақы төлемдері жөніндегі Мемлекеттік төлем орталығының берген тізімдеріне сәйкес, мемлекеттік мерекелер мен әлеуметтік-маңызды күндерде өтінішсіз-ақ, комиссия шешімімен әлеуметтік көмек алушылар санаттары және оның көлемі белгіленеді.
19. Бір мезгілде бірнеше негіздер (санаттар) бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар адамдарға әлеуметтік төлем, бір ғана негіз бойынша беріледі.
6. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының
«қаупі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін
әлеуметтік көмектің тәртібі
20. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қаупі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға және мемлекеттік жәрдемақы алатын балалары бар отбасыларға, Өтініш берілместен, аудан ауырхананың тізіміне сәйкес беріледі.
21. Әлеуметтік көмек, бір адамға бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленеді.
7. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тамақ өнімдерінің бағасы
өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
22. Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тамақ өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі.
23. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.
24. Әлеуметтік көмек төлемдері өтініш бермей-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімдеріне сай өтеледі.
8. Ауылдық мекеніне жұмысқа келген медицина
Қызметкерлеріне коммуналдық қызметке және отын алу
үшін төленген шығындарды өтеу тәртібі
25. Көтерме ақы төлемін алуға жоғарғы кәсіптік медициналық білімі, ауыл мекеніне жұмыс үшін жолдамасы және денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген еңбек шартты бар медицина қызметкерінің құқығы бар.
26. Коммуналдық қызмет төлемдерге шығындарды өтеу ауыл мекендеріне жұмыс істеуге жіберілген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау коммуналдық қызметтерге төлеу шығындарды өтеу түрінде ай сайын қолданатын 100 кв электроэнергияға, 5 куб.м суға, 1 баллон газ мөлшерінде жұмыс кезеңнің үш жыл ағымында көрсетіледі.
27. Коммуналдық қызмет төлемдерге шығындарды өтеу аудандық статистика бөлім мәліметтері бойынша алдағы тоқсанда құрылған орташа бағалар бойынша жүргізіледі.
9. Өмірдің қиын жағдайларына түскен азаматтарға
біржолғы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
28 Өмірдің қиын жағдайларына түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек берілген өтінішке және отбасының тұрмыстық тексеріс актісіне келісті көрсетіледі.
29. Біржолғы көмек өлшемі әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссия шешімімен орнатылады.
10. Кезінде кәмелетік жасқа толмаған концлагерь тұтқындарына коммуналдық қызмет төлемдері бойынша шығындарды өтеу үшін
әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
30. Кезінде кәмелетік жасқа толмаған концлагерь тұтқындарына коммуналдық қызмет төлемдер бойынша шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың өтініш берілген айынан бастап тағайындалады.
31. Коммуналдық қызмет төлемдері бойынша шығындарды өтеу ай сайын бір айлық есеп көрсеткіші көлемінде жүргізіледі.
32. Кезінде кәмелетік жасқа толмаған концлагер тұтқындарға коммуналдық қызмет төлемдері бойынша шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек кіретін кірісті есепке алмай тағайындалады.