Жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № С25-2 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда № 1-3-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 наурыздағы № С27-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2010.03.16 № С27-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
      - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
      - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
      - мүгедектерге;
      - ақталған азаматтарға;
      - қарттар Күніне арнап зейнеткерлерге;
      - көп балалы аналарға;
      - күнкөріс деңгейінен төмен кірістері бар немесе анықталған жағдайларға қарай жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға;
      - емделмейтін аурулармен ауыратындарға;
      - туберкулезбен ауыратындарға;
      - аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың төлеу негізіндегі колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студентеріне.
      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың «Жергілікті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 1 маусымдағы № С19-4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-109 тіркелген, 2009 жылғы 3 шілдедегі аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессияның төрағасы                         Қ.Рақышев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ю.Ужакин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.С.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады