Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № А-267 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 1-4-148 болып тіркелген, 2009 жылдың 25 маусымында «Вперед», 2009 жылдың 3 шілдесінде «Аршалы айнасы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқаларында ұсынылады, сонан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады»;
3-тармақтың құжаттар тізбесі мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
4) белгіленген нысанда өтініш;
5) азаматтардың тіркеу кітабы;
6) мүгедек баланың ата-анасының, ұл баланы асыраушысының (қыз баланы асыраушысының), қамқоршысының, қорғаншысының жеке басын куәландыратын құжат.
2. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы
ауданының әкімі Е.Мажықпаев
КЕЛІСІЛГЕН:
«Аршалы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарлама бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Сыздықова
«Аршалы ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т.Чернова