Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № А-267 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда № 1-4-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № А-233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.06.2012 № А-233 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Занының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді көрсету
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № А-60 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)қаулысымен
      2. Белгіленсін:
      1) материалдық қамтамасыз ету туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған (толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған мүгедек балалардан басқа) балалардың ата-аналарының біреуіне немесе олардың орындағы тұлғаларға
      2) материалдық қамтамасыз ету Ақмола облысы әкімдігінің білім департаментінің психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы бойынша қажет құжаттар берілген айдан бастап беріледі;
      3) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жылдың аяғына дейін 18 жасқа жетпеген әрбір мүгедек балаларға тоқсанына 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады;
      4) материалдық қамтамасыз ету төлемі түскен қаржыландыру шамасына қарай өткен айға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайы (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
      3. Алынып тасталды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № А-60 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)қаулысымен
      4. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйлерінде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінген ақша қаражатын уақтылы игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын.
      5. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтардағы құқықтық қатынаста тарқатылады.
      6. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Мәмбетов Т.Ж. жүктелсін.

      Аршалы ауданының әкімі                     Е.Маржықпаев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Аршалы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің                    Б.Сыздықова

      «Аршалы аудандық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т.Чернова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады