Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес Сараба селосындағы 2009 жылғы 22 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Сараба селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Сараба селосындағы келесі көшелерге төмендегі атаулар берілсін: № 1 көшесіне Жастар атауы, № 2 көшесіне Абай атауы, № 3 көшесіне Достық атауы, № 4 көшесіне Төле би атауы берілсін.
2. Аталмыш шешімнің орындалуын бақылау өз жауапкершілігіме аламын.
3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жария етілгеннен кейін күшіне енеді.
Сараба селолық
округінің әкімі Қ. Дүйсенбеков