Сараба селосы көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Сараба селолық округі әкімінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 05 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда № 1-4-142 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес Сараба селосындағы 2009 жылғы 22 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Сараба селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сараба селосындағы келесі көшелерге төмендегі атаулар берілсін: № 1 көшесіне Жастар атауы, № 2 көшесіне Абай атауы, № 3 көшесіне Достық атауы, № 4 көшесіне Төле би атауы берілсін.
      2. Аталмыш шешімнің орындалуын бақылау өз жауапкершілігіме аламын.
      3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жария етілгеннен кейін күшіне енеді.

      Сараба селолық
      округінің әкімі                            Қ. Дүйсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады