Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Сары-Оба станциясындағы 2009 жылғы 22 шілдедегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Сараба селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Сары-Оба станциясындағы келесі көшелерге төмендегі атаулар берілсін: № 1 көшесіне Теміржолшылар атауы, № 2 көшесіне Достық атауы, № 3 көшесіне Бейбітшілік атауы, № 1 қиылысына Көктем атауы, № 2 қиылысына Бөгембай атауы, № 3 қиылысына Жаңа жол атауы берілсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
3.Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Сараба селолық
округінің әкімі Қ.Дүйсенбеков