Сары-Оба станциясының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Сараба селолық округі әкімінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 13 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда № 1-4-152 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Сары-Оба станциясындағы 2009 жылғы 22 шілдедегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Сараба селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1.Сары-Оба станциясындағы келесі көшелерге төмендегі атаулар берілсін: № 1 көшесіне Теміржолшылар атауы, № 2 көшесіне Достық атауы, № 3 көшесіне Бейбітшілік атауы, № 1 қиылысына Көктем атауы, № 2 қиылысына Бөгембай атауы, № 3 қиылысына Жаңа жол атауы берілсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
      3.Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      Сараба селолық
      округінің әкімі                            Қ.Дүйсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады