2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихат шешім етті:
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С4/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-85 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда "Атбасар" № 3, "Простор" № 3 газеттерінде жарияланған), "Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С4/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 30 қаңтардағы 2009 жылғы № 4С 15/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-111 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда "Атбасар" № 11, "Простор" № 11 газеттерінде жарияланған), "Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С4/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 27 сәуірдегі 2009 жылғы № 4С 17/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-114 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырда "Атбасар" № 19, "Простор" № 19 газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізумен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасында:
2 тараудың 3 тармағы "Әлеуметтік төлем алу құқығына ие болатындар" келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын "6) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге";
4 тараудың 13 тармағында Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі және мөлшері, "2,5 АЕК есебінен" сөзінен кейін келесі мазмұндағы "екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 1 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай-АЕК) есебінен белгіленеді" сөздермен және сандармен толықтырылсын;
6 тараудың 19 тармағында Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі, "Ұлы Отан соғысының мүгедектері және" сөздерінен кейін келесі мазмұндағы "екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оны бірінші ресми жариялағаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Сәтеміров С.Х. |
Атбасар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Борұмбаев Б.А. |
Келісілді: | |
Атбасар ауданының | |
әкімі | Әубәкіров Р.Ш. |