Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011.02.08 № 46 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы №
278 «Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыс мәслихатының, Астрахан ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат басылымдары материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізімдемесінде 1-6-68 нөмірмен тіркелген):
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Астрахан селосы» жолындағы:
«Әл-Фараби көшесіндегі автобус аялдамаларында, Абылайхан көшесіндегі автобус аялдамаларында» сөздері «Әл-Фараби көшесіндегі жалпы пайдаланудағы жерлерде, «Гермес» дүкенінің ауданында және «Астрахан ауданы әкімі аппаратының әкімшілік мекемесінің аумағында» сөздерімен ауыстырылсын;
«Оксановка селосы» жолындағы:
«кітапхана үйінің ішінде» сөздері «Салют» дүкенінің ауданындағы жалпы пайдаланудағы жерлерде» сөздерімен ауыстырылсын;
«Қайнар ауылы» жолындағы:
«мектеп» сөздері «ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік мекемесінің» сөздерімен ауыстырылсын;
«Лозовое селосы» жолындағы:
«мектеп аумағында» сөздері «жеке кәсіпкер Гуралевич Виталий Леонидовичтің наубайханасының ауданындағы жалпы пайдаланудағы жерлерде» сөздерімен ауыстырылсын;
«Қоскөл ауылы» жолындағы:
«Колутон-04» АШК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігің ауылдық клубының» сөздері «мектептің» сөздерімен ауыстырылсын;
«Алғабас ауылы» жолындағы:
«мектеп аумағында» сөздері «жеке кәсіпкер Қожантаев Омар Балташұлы дүкенінің ауданындағы жалпы пайдаланудағы жерлерде» сөздерімен ауыстырылсын;
мына жолмен толықтырылсын:
«Ковыленка селосы мектеп аумағында стенд»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының
әкімі Р.Әкімов
КЕЛІСІЛДІ:
Астрахан аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы В.Удовиченко