Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігің 2010.02.22 № а-2/46 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери ызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру туралы» 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған, оқу орындарынан шығарылған және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген еркек жынысты азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қорғаны бөлімі) (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық әскерге шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Егіндікөл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандар, орта медициналық персоналмен қалыптастырсын, Қорғаныс бөлімінің қарамағына азаматтарды куәландыру үшін қажетті дәрігер-мамандар және орта медициналық персонал бөлсін.
5. Ауыл, ауылдық округ әкімдері және ұйым басшылары әскери әскерге шақырылушыларды олардың Ақмола облысы Қорғаныс істер бөліміне шақырылуы туралы хабарлауға және олардың дер кезінде баруын қамтамасыз етуге міндетті.
6. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменты Егіндікөл ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жіберілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін, әскери міндетін өтеуден бас тартып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестірсін және ұстасын, әскерге шақырылушыларды тасуға бөлінген көліктің техникалық жағдайын тексерсін.
7. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымы мен қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2008 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/98 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізімінде № 1-8-68 тіркелген, аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде 2008 жылғы 23 мамырда жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
9. Осы қаулы 2009 жылдың сәуір айынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
10. Осы қаулы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы
Астрахан ауданының
қорғаныс істер бойынша
бірлескен бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С.Кантемиров
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрлігі
Ақмола облысының
Ішкі істер департаменті
Егіндікөл ауданының
Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Каппель
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы
Денсаулық сақтау
басқармасының «Егіндікөл
орталық аудандық ауруханасы»
мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері Т.Ахмедов
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы
Денсаулық сақтау басқармасы
жанындағы «Егіндікөл
аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері А.Қасенова
Егіндікөл
ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
№ а-5/175 қаулысына
1 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
өткізу жөніндегі аудандық әскерге
шақыру комисиясының құрамы
Кантемиров |
- «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Ысқақова |
- Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
|
Борин |
- «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Егіндікөл ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Құттыбаева |
- Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) |
Ахметова |
- Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Егіндікөл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Егіндікөл
ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
№ а-5/175 қаулысына
2 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі
Рет № |
Ауыл және ауылдық округ- |
Уақыты сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін |
|
сәуір-маусым |
қазан-желтоқсан |
||
1 |
Абай ауылы |
9 |
7 |
2 |
Спиридоновка ауылы |
31 |
29 |
3 |
Алакөл ауылдық округі |
30 |
27 |
4 |
Бауман ауылдық округі |
24 |
22 |
5 |
Буревестник ауылы |
5 |
4 |
6 |
Егіндікөл ауылы |
119 |
116 |
7 |
Жалманқұлақ ауылдық округі |
19 |
10 |
8 |
Қоржынкөл ауылы |
12 |
8 |
9 |
Ұзынкөл ауылдық округі |
36 |
31 |
Жиынтығы: |
285 |
254 |