Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін есепке ала отырып Абай ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауылы қөшелерінің атаулары өзгертілсін:
Приозерная көшесі- Өзенді көшесіне,
8 март көшесі - Наурыз көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылының
әкімі А.Дүйсебекова
КЕЛІСІЛДІ:
«Егіндікөл ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.Е.Сексенбаев