Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/9-11 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы «Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С-5/5-08 шешіміне (2008 жылғы 28 ақпандағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-96 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 наурыздағы № 29-30 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2008 жылғы 15 наурыздағы № 29-30 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған) келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) шешімнің 2 тармағында «2008 жылғы 1 қаңтарынан» деген сөздер «ресми жарияланған кезінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) шешімнің 3 тармағында «туралы» деген сөзден кейін «(2007 жылғы 25 наурыздағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 37 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 37 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған)» деген сөздермен толықтырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.07.23 № 4С-18/11-09 Шешімімен
2. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы Е. Махорин
Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы Қ. Махметов
КЕЛІСІЛДІ:
Ерейментау ауданының
әкімі Н. Ә. Ережепов
«Ерейментау ауданының
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі»
ММ бастығы М. Л. Сердцева
«Ерейментау ауданының
Қаржы бөлімі»
ММ бастығы А. Қ. Хасенов
«Ерейментау ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
ММ бастығы Қ. Ж. Құдабаев