Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4C-18/11-09 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 тамызда № 1-9-126 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 236 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 04.11.2014 № 236 хатымен).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 4 бабына және 36 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекітілген, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу Ережесіне сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін (қосымша).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрайымы                                   Б.Молдажанова

      Ерейментау аудандық
      мәслихат хатшысының м.а.                   Б.Молдажанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ерейментау ауданының
      әкімі                                      Н.Ә.Ережепов

      «Ерейментау ауданының
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Л.Сердцева

      «Ерейментау ауданының
      Қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Қ.Хасенов

      «Ерейментау ауданының
      Экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ.Ж.Құдабаев

Ерейментау
аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 4С-18/11-09 шешіміне
Қосымша

Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір
шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар
Тізімі

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 7 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 4С-12/3-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4С-15/2-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-118 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 сәуірде № 43-44 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 18 сәуірде № 43-44 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
      1 және 2 тармақтарда «Аймақтық» деген сөзі алынып тасталсын.
      2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 4С-16/4-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 55 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
      3. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы «Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С-5/5-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4С-16/14-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-119 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы № 51-52 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 16 мамырдағы № 51-52 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
      1 тармақта «Аймақтық» деген сөзі алынып тасталсын.
      4. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 4С-12/3-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4С-17/2-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-120 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 мамырдағы № 49-50 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 9 мамырдағы № 49-50 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
      1) 1 және 2 тармақтарда «Аймақтық» деген сөзі алынып тасталсын;
      2) 3 тармақта «Осы шешім» деген сөздерден кейін «Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және» деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады