Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № А-3/74 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес Ерейментау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылы үйде тәрбиеленетін және оқытылатын әрбір мүгедек балаға 6 (алты) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға 2009 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 6 наурызындағы № а-3/54 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-9-117 тіркелген, 2009 жылдың 25 сәуіріндегі «Ереймен» аудандық газетінде және 2009 жылдың 25 сәуіріндегі «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған» күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.К.Кушкунбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Ә.Ережепов