Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010.02.05 № 25-164 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді ауданында бір жылға ойын бизнесі объектілері үшін нақтыланған салық мөлшерін (бильярд столы) 3 айлық көрсеткіш есебі мөлшерінде бекітілсін.
2. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-14-66 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 63 «Бірлік-Единство» газетінде жарияланған), «Зеренді ауданында ойын бизнесі объектілері үшін (бильярд столы) нақтыланған салық мөлшерін бекіту туралы» Зеренді аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі №44-291 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен күннен және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы И.ПОЗДНЯКОВ
Аудандық Мәслихаттың
хатшысы К.ХАСЕНОВ
КЕЛІСІЛДІ:
Зеренді ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы Е.Наушарипов