Зеренді ауданында ойын бизнесі объектілері үшін (бильярд столы) нақтыланған салық мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 17-109 шешімі. Ақмола облысы Зеренді аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда № 1-14-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 25-164 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының  2010.02.05 № 25-164 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді ауданында бір жылға ойын бизнесі объектілері үшін нақтыланған салық мөлшерін (бильярд столы) 3 айлық көрсеткіш есебі мөлшерінде бекітілсін.
      2. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-14-66 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 63 «Бірлік-Единство» газетінде жарияланған), «Зеренді ауданында ойын бизнесі объектілері үшін (бильярд столы) нақтыланған салық мөлшерін бекіту туралы» Зеренді аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі №44-291 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен күннен және ресми жарияланған күннен бастап  қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И.ПОЗДНЯКОВ

      Аудандық Мәслихаттың
      хатшысы                                    К.ХАСЕНОВ

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданы бойынша салық
      басқармасының бастығы                      Е.Наушарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады