Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Жолдыбай ауылы және Бұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Симферополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жолдыбай ауылының, Бұлақ ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Жолдыбай ауылы:
№ 1 көшеге – Мектеп атауы;
№ 2 көшеге – Орталық атауы;
№ 3 көшеге – Болашақ атауы;
№ 4 көшеге – Байтерек атауы;
№ 5 көшеге - Ақ қайың атауы;
2) Бұлақ ауылы:
№ 1 көшеге – Жастар атауы;
№ 2 көшеге - Жасыл ел атауы;
№ 3 көшеге - Достық атауы;
№ 4 көшеге – Келте бұлақ атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е.Әленов |
КЕЛІСІЛДІ:
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |