Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009.08.24 № 12 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының негізінде Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 «2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» шешіміне (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-16-87 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 7 (7777) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған, Сандықтау ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 3 «Сандықтау ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 10 «2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімімен (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-16-88 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 9 ақпандағы № 11 (7781) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) енгізілген өзгеріспен келесі өзгерісті енгізсін:
3 тармақтағы:
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«2) тіркеу жүргізуге жататын азаматтарды жұмыстан (оқудан), тіркеуден өту үшін қажетті уақытта босатсын;»
2. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының
әкімі Т.Қасенов