Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Октябрьское селосы тұрғындарының пікірі есебімен Андреевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қіріспеге өзгерту еңгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 2009.16.11 № 7 шешімімен.
1. Андреевка селолық округінің Октябрьское селосының көшелеріне атау тағайындалсын:
1) № 1 көшесіне – Мұхтар Әуезов көшесі;
2) № 2 көшесіне – Шоқан Уәлиханов көшесі;
3) № 2 көшесіне – Жұлдыз көшесі;
4) № 4 көшесіне – Жастар көшесі;
5) № 5 көшесіне – Ыбырай Алтынсарин көшесі;
6) № 6 көшесіне – Достық көшесі;
7) № 7 көшесіне – Абай Құнанбаев көшесі;
8) № 8 көшесіне – Сәкен Сейфуллин көшесі;
9) № 9 көшесіне – Олжас Сүлейменов көшесі.
2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа кіреді.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту еңгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 2009.16.11 № 7 шешімімен.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Әкімнің
міндетін атқарушы А.Шевченко
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Байтоқанов
Шортанды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бартош