Андреевка селолық округінің Октябрьское селосының көшелеріне атау тағайындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 маусымда № 1-18-74 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Октябрьское селосы тұрғындарының пікірі есебімен Андреевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қіріспеге өзгерту еңгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 2009.16.11 № 7 шешімімен.
      1. Андреевка селолық округінің Октябрьское селосының көшелеріне атау тағайындалсын:
      1) № 1 көшесіне – Мұхтар Әуезов көшесі;
      2) № 2 көшесіне – Шоқан Уәлиханов көшесі;
      3) № 2 көшесіне – Жұлдыз көшесі;
      4) № 4 көшесіне – Жастар көшесі;
      5) № 5 көшесіне – Ыбырай Алтынсарин көшесі;
      6) № 6 көшесіне – Достық көшесі;
      7) № 7 көшесіне – Абай Құнанбаев көшесі;
      8) № 8 көшесіне – Сәкен Сейфуллин көшесі;
      9) № 9 көшесіне – Олжас Сүлейменов көшесі.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа кіреді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту еңгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 2009.16.11 № 7 шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Әкімнің
      міндетін атқарушы                          А.Шевченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е.Байтоқанов

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.Бартош

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады