Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 15 маусымдағы № 7 шешіміне сәйкес және Новокубанка село тұрғындарының пікірі есебімен Новокубанка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Новокубанка селолық округінің Алтайское селосының көшелеріне атау берілсін:
1) № 1 көшесіне - Болашақ көшесі;
2) № 2 көшесіне - Береке көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа кіреді.
Селолық округінің
әкімі И.Смаилов
КЕЛІСІЛДІ:
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Байтоканов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бартош