«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 12 мамырдағы Қымызынай селосының, 2009 жылдың 14 мамырдағы Молбаза селосының тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып Зеленобор селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.Көшелерге атаулар беру:
Қымызынай селосында № 1 көшеге – Абай атауын.
Молбаза селосында № 1 көшеге – Жастар атауын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
3.Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеленобор селолық
округінің әкімі С.Бектасов