Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 3185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 1095 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 25 мамырда N 3-1-110 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012.02.06 № 480 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 3185 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 желтоқсанында № 3-1-99 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 157 «Ақтөбе» және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 157 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақ «меншік түрлеріне» сөзінен кейін «бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа» сөзімен толықтырылсын;
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Н.Х.Бөртебаева) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдасын. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50% еңбекақысын ұйымдарға 15000 теңгеден аспайтын көлемде өтесін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады».
      4 тармақ «бюджеттік бағдарламасы бойынша» сөзінен кейін «және «Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту» 451-002-103 қосымша бағдарламасы» сөзімен толықтырылсын;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
 
       Қала әкімі                              А.Мұхамбетов
 

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Актобе от 28 ноября 2008 года N 3185

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 12 мая 2009 года N 1095. Зарегистрировано Управлением юстиции города Актобе Актюбинской области 25 мая 2009 года N 3-1-110. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 6 февраля 2012 года № 480

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 06.02.2012 № 480.

       В соответствии со статьями 3137 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 «О занятости населения», постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года № 264 «О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию», в целях расширения мер по содействию занятости населения, акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Актобе от 28 ноября 2008 года № 3185 «Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения», зарегистрированного в управлении юстиции города Актобе 12 декабря 2008 года за № 3-1-99, опубликованного в газетах «Актобе» от 23 декабря 2008 года № 157 и «Актюбинский вестник» от 23 декабря 2008 года № 157 следующие дополнения и изменения:
      пункт 1 исключить;
      пункт 2 после слов «форм собственности» дополнить словами: «за исключением финансируемых из бюджета»;
      пункт 3 изложить в новой редакции:
      «Государственному учреждению «Городской отдел занятости и социальных программ» (Буртибаева Н.Х.) направлять безработных граждан на социальные рабочие места для временного трудоустройства, согласно заявленной организациями потребности в пределах установленного задания и средств, выделенных на эти цели. Возмещать организациям 50% заработной платы, принятых на социальные рабочие места работников, в сумме, не превышающей 15000 тенге. Средства направляются на расчетные счета организаций»;
      пункт 4 после слов «на соответствующий год» дополнить словами «и подпрограмме 451-002-103 «Расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета».
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Актобе Калдыгулову С.М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким города                               А.Мухамбетов