Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.10.27 № 86 Шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы № 4000 «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру жолақы жеңілдігі ішкі істер әскерлерінің және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне берілсін.
2. «Ішкі әскерлер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау» 451-008-100 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихаты Ақтөбе қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
М. Өндіргенов С. Шынтасова