"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 8 және 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін - автобустар, троллейбустар, маршрутты таксилерде, жасына байланысты зейнеткерлер, 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер үшін - автобустар мен троллейбустарда тегін жүру белгіленсін.
2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
М. Өндіргенов | С. Шынтасова |