Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санатының қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруі туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы № 200 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 18 қарашада №3-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 08.04.2016 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 8 және 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін - автобустар, троллейбустар, маршрутты таксилерде, жасына байланысты зейнеткерлер, 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер үшін - автобустар мен троллейбустарда тегін жүру белгіленсін.
      2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      М. Өндіргенов С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады