Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2010.12.06 № 17 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың 11 қаңтары мен 31 наурызы аралығында «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1993 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылады.
2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Қ.Қ.Сабыр келісім бойынша) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
1) тіркелушілерге медициналық куәлiк берудi жүргiзу үшiн дәрiгер-мамандарды және медбикелерді;
2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;
3) шақыру учаскесіне шақырылушылар санының көбеюіне байланысты қосымша медициналық комиссиядан өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;
4) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi-дәрмектердi.
3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
1) тiркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру пунктiне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету;
2) азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындауға қажеттi уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (шәкіртақысын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
3) техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлу.
4. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.А.Арынғазиева) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (Т.К.Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1993 жылы туған азаматтарды толық тiркеуге алуды бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ азаматтарды кейiн күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп есепке алсын.
5. Ақтөбе қалалық iшкi iстер басқармасына (Е.Б.Есмаханов келісім бойынша) полиция нарядын бөлу ұсынылсын: шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам.
6. Қалалық әділет басқармасына (В.Т.Мамбетова келісім бойынша), № 2 қалалық сотқа (А.А.Құрмантаев келісім бойынша), меншiк түрiне қарамастан органдар мен ұйымдарға тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Селолық округтер әкiмдерi «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақырылуға дейінгілерді және шақырылушыларды олардың шақыру пунктiне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.
8. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Т.К.Бөлтеев) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын алсын. Тiркеу қорытындысы туралы 2010 жылдың 10 сәуiрiнде қала әкiмiне хабарласын.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.К.Бөлтеевке жүктелсін.
10. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi А.Мұхамбетов
Жобаны ұсынушы:
«Ақтөбе қаласы қорғаныс
iстерi жөнiндегi басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бөлтеев