Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 66 шешімімен (РҚАО-ға түскен жоқ).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі баскару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, және азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 3000 теңге көлемінде келесі санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына;
2) Базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
Ескерту. 2 тармақша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010.12.23 № 216 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Әлеуметтік көмек аудандық бюджеттен ай сайын ақшалай түрде алушының жеке есепшотына аударма жасау жолымен көрсетіледі.
3. Мұғалжар аудандық мәслихатының "Халықтың әлеумеггік жағынан аз қорғалған тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 26 наурыздағы N 100 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 6 мамырда N 3-9-99 санымен тіркелген және 2009 жылғы 20 мамырдагы "Мұғалжар" аудандық газетінде N 25 санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын және аудандық мәслихаттың "Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 26 наурыздағы N 100 шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 25 қырқүйектеп N 151 шеішмі бұзылсын.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және ағымдағы жылдың 1 сәуірінен пайда болған құқықтық қатынасқа қолданылады.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс он тоғызыншы хатшысы
сессиясының төрағасы
И.Б.Пыхтеев С.С.Салықбаев