Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 66 шешімімен (РҚАО-ға түскен жоқ).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасысындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 қазандағы № 154 «Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік-құқықтық кесімдерде мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3-9-110 санымен тіркелген, 2009 жылғы 9 желтоқсанда «Мұғалжар» газетінің № 54 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) 1 тармақта
2 тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
Базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Салықбаев