РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес, жекелеген аудандардың өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып Алматы облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округке ең жуық елді мекендерінің құрамына енгізілсін.
1) Ақсу ауданы бойынша:
Молалы кентік округтің Орманов ауылы таратылып, тұрғындары Алажиде станциясының құрамына;
2) Панфилов ауданы бойынша:
Жаркент қалалық округінің Елтай ауылы таратылып, тұрғындары Жаркент қаласының құрамына;
Жаркент қалалық округінің Еңбекші ауылы таратылып, тұрғындары Жаркент қаласының құрамына;
3) Талдықорған қаласы бойынша:
Еркін ауылдық округінің "5-бөлімше" ауылы таратылып, тұрғындары Талдықорған қаласының құрамына;
Еркін ауылдық округінің "ЗВТ уч." ауылы таратылып, тұрғындары Талдықорған қаласының құрамына енгізілсін.
2. Алматы облыстық статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының
әкімі С. Үмбетов
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Сейітов
Алматы облысы
мәслихатының хатшысы А.Сыдық