Облыс аумағындағы жекелеген ауылдарды тарату туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 217 қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 26-165 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 18 қаңтарда N 2042 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес, жекелеген аудандардың өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып Алматы облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округке ең жуық елді мекендерінің құрамына енгізілсін.
      1) Ақсу ауданы бойынша:
      Молалы кентік округтің Орманов ауылы таратылып, тұрғындары Алажиде станциясының құрамына;
      2) Панфилов ауданы бойынша:
      Жаркент қалалық округінің Елтай ауылы таратылып, тұрғындары Жаркент қаласының құрамына;
      Жаркент қалалық округінің Еңбекші ауылы таратылып, тұрғындары Жаркент қаласының құрамына;
      3) Талдықорған қаласы бойынша:
      Еркін ауылдық округінің "5-бөлімше" ауылы таратылып, тұрғындары Талдықорған қаласының құрамына;
      Еркін ауылдық округінің "ЗВТ уч." ауылы таратылып, тұрғындары Талдықорған қаласының құрамына енгізілсін.
      2. Алматы облыстық статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
      3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
      4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының
      әкімі                                      С. Үмбетов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Сейітов

      Алматы облысы
      мәслихатының хатшысы                       А.Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады