Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық әкімдігінің 28.12.2015 № 326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабындағы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің "Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 01-10-03/545 ұсынымы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында "Ақ жол" және 2007 жылдың 12 мамырында "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған; "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 407 қаулысымен өзгерістер енгізілген; Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1719 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында № 25-26 "Ақ жол" және 2009 жылдың 12 ақпанында № 25 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:
"Су айдындарының атауы" бағанасындағы:
1 - жол "19. Қарабақыр" деген сөздермен толықтырылсын;
2 - жол "10. Кіші Ақкөл", "11. Шоқай", "12. Рахат", "13. Бөкен" деген сөздермен толықтырылсын;
3 - жол "5. Шақпақ", "6. Төрт ауыл", "7. Ақтөбе", "8. Мырзабұлақ", "9. Қамыскөл", "10. Қожағұл бұлақ" деген сөздермен толықтырылсын;
4 – жол "9. 4-бөлімше", "10. Юбилейное" деген сөздермен толықтырылсын;
5 - жол "9. 25 км", "10. Қазақстан", "11. Қызыл қыстақ", "12. Төменгі Мақанды", "13. Чистые пруды" деген сөздермен толықтырылсын;
9 - жол "4. Қайыңды" деген сөздермен толықтырылсын.
Тізбе келесі мазмұндағы 10 - жолмен толықтырылсын:
10 | Қордай ауданы | 1. Аңырақай 2. Ақбұлым 3. Майбұлақ |
Облыс әкімі | Б. Жексембин |