"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 407 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 03 ақпанда № 1719 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысымен

      Күші жойылды - Жамбыл облыстық әкімдігінің 28.12.2015 № 326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабына сәйкес және "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 01-10-03/871 ұсынымы негізінде, Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында № 74 "Ақ жол" және 2007 жылдың 12 мамырында № 52 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Осы қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінің :
      "Су тоғандарының атауы" бағанасындағы:
      "Байзақ ауданы" жолындағы 1, 8, 10 тармақтар алынып тасталсын;
      "Жамбыл ауданы" жолындағы 6, 9 тармақтар алынып тасталсын;
      "Жуалы ауданы" жолындағы 3 тармақ алынып тасталсын;
      "Меркі ауданы" жолындағы 3 тармақ алынып тасталсын;
      "Мойынқұм ауданы" жолындағы 3 тармақ алынып тасталсын;
      "Сарысу ауданы" жолындағы 6 тармақ алынып тасталсын;
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
      Облыс Әкімі Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады