Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" қосымша қаражаттың бөлінуіне байланысты және қала мекемелерінен қайта келіп түскен өтінімдерге сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-1-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпандағы N 17 (20724) "Индустриальная Караганда" және 2009 жылғы 14 ақпандағы N 22-23 (20608) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған), "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 12/02 қаулысымен өзгерту мен толықтырулар енгізілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне N 8-1-90 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 наурыздағы N 33 (20740) "Индустриальная Караганда" және 2009 жылғы 28 наурыздағы N 44-45 (20630) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жанат Маратұлы Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласы әкімінің
міндетін атқарушы В. Иванов
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 24/04 қаулысына қосымша
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі
N р/с |
Мекемелердің атауы |
Адам саны |
Жұмыс түрлері |
Қаржыландыру көзі |
Жұмыс көлемі, теңге |
1 |
"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
115 |
Қаланы көркейту және көгалдандыру |
Қарағанды қаласының бюджеті |
6196200 |
2 |
"Мәдениет және демалыс бақтарының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
80 |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
4310400 |
3 |
"Қалалық жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
15 |
Жарық беру желілерін күтіп ұстау бойынша жұмыс |
Қарағанды қаласының бюджеті |
808200 |
4 |
"Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
73 |
Қаланы көркейту |
Қарағанды қаласының бюджеті |
3933240 |
5 |
Октябрь ауданы әкімінің аппараты |
130 |
Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату қондырғыларын тексеру |
Қарағанды қаласының бюджеті |
7004400 |
6 |
Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты |
130 |
Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын жөнге келтіру, газ тарату қондырғыларын тексеру және аудандарды жарықпен безендіру қондырғыларын тексеру |
Қарағанды қаласының бюджеті |
7004400 |
7 |
Қарағанды қаласы әкімінің аппараты |
45 |
Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату |
Қарағанды қаласының бюджеті |
2424600 |
8 |
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармасы |
45 |
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату |
Қарағанды қаласының бюджеті |
2424600 |
9 |
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша салық басқармасы |
45 |
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату |
Қарағанды қаласының бюджеті |
2424600 |
10 |
"Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
130 |
Тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында жасөспірімдермен және жастармен жұмыс, бекітілген аумақты тазалау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
7004400 |
11 |
"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
35 |
Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1885800 |
12 |
"Қарағанды қаласы Октябрь ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
35 |
Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1885800 |
13 |
Қарағанды қаласының әділет басқармасы |
35 |
Әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы (халыққа қызмет көрсету орталықтарында) |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1885800 |
14 |
"Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
15 |
Жолаушылар мен такси жүгін тасымалдау шарттарын жасасу және тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша құжаттарды өңдеу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
808200 |
15 |
"Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
15 |
Жергілікті ақпарат құралдарын контент-талдау, жастар ұйымдары мен ұлттық-мәдени орталықтардың мәліметтер базасын жаңарту |
Қарағанды қаласының бюджеті |
808200 |
16 |
"Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
15 |
Электрондық база жүргізу, құжаттарды өңдеу жұмыстары |
Қарағанды қаласының бюджеті |
808200 |
17 |
"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
20 |
Тізілімдер мен хабарландыру хаттарды дайындау жұмысы, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1077600 |
18 |
Қарағанды облысының ішкі істер Департаменті |
144 |
Видео бақылау жүйесіндегі жедел басқару Орталығында жұмыс жасау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
7758720 |
19 |
Қарағанды қаласының ішкі істер Басқармасы |
306 |
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды жеткізу, құжаттардың санын толтыру мен тарату |
Қарағанды қаласының бюджеті |
16487280 |
20 |
"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
80 |
Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аула аралау, қаланың әлеуметтік картасын нақтылау, құжаттарды өңдеу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
4310400 |
21 |
Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше |
20 |
Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғызбасты қарт адамдарды анықтау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1077600 |
22 |
Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше |
20 |
Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғызбасты қарт адамдарды анықтау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1077600 |
23 |
"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
13 |
"Мекенжай тіркелімі" дерекқорындағы мекенжайлық ақпаратты нақты бар ақпаратпен салыстырмалы түрде тексеру |
Қарағанды қаласының бюджеті |
700440 |
24 |
"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ветеринарлық және ауыл шаруашылық қайта өңдеу обьектілерімен жұмыс |
Қарағанды қаласының бюджеті |
1077600 |
25 |
"Қарағанды қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
10 |
Коммуналдық меншік обьектілерін түгендеу жұмыстары, мұрағатқа өткізілетін құжаттарды өңдеу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
538800 |
26 |
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы |
18 |
Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыссыздықтың санын өсірмеуге байланысты құжаттарды өңдеу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
969840 |
27 |
"Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
12 |
Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды орындауға байланысты құжаттарды өңдеу |
Қарағанды қаласының бюджеті |
646560 |
28 |
Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы |
10 |
Көркейту, аймақтарды тазалау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
538800 |
29 |
"Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
12 |
Көркейту, көгалдандыру |
Қарағанды қаласының бюджеті |
646560 |
30 |
"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы |
60 |
Автомобиль жолдарын көгалдандыру және күтіп ұстау |
Қарағанды қаласының бюджеті |
3263260 |
Барлығы |
1703 |
91788000 |