2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда N 8-1-87 тіркелді. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 3-4/1329 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009.03.18 N 12/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына екі ең төменгі еңбекақы көлемінде бекітілсін.
      2-1. Қоғамдық жұмыскерлер өз қызметтерін екі ай бойы жүзеге асырады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыскерлермен бөлінген қаражат шегінде шарт жасасуға құқылы.
      Ескерту. Қаулы 2-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009.03.18 N 12/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мәрия Қалиақпарқызы Құсаиынова) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарттар жасасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 ақпанынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                          В. Иванов

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 14 қаңтардағы
N 02/01 қаулысына қосымша

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009.10.14 N 51/06 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

N р/с

Мекемелердің атауы

Адам саны

Жұмыс түрлері

Қаржыландыру көзі

Жұмыс көлемі, теңге

1

"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

120

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

6566619

2

"Мәдениет және демалыс бақтарының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

115

Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау

Қарағанды қаласының бюджеті

6309820

3

"Қалалық жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

15

Жарық беру желілерін күтіп ұстау бойынша жұмыс

Қарағанды қаласының бюджеті

808200

4

"Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

73

Қаланы көркейту

Қарағанды қаласының бюджеті

3933240

5

Октябрь ауданы әкімінің аппараты

150

Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату қондырғыларын тексеру

Қарағанды қаласының бюджеті

8230200

6

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты

150

Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын жөнге келтіру, газ тарату қондырғыларын тексеру және аудандарды жарықпен безендіру қондырғыларын тексеру

Қарағанды қаласының бюджеті

8230200

7

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты

55

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

3009796

8

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармасы

45

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

2424600

9

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша салық басқармасы

45

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

2424600

10

"Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

155

Тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында жасөспірімдермен және жастармен жұмыс, бекітілген аумақты тазалау

Қарағанды қаласының бюджеті

8504540

11

"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

35

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

Қарағанды қаласының бюджеті

1885800

12

"Қарағанды қаласы Октябрь ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

35

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

Қарағанды қаласының бюджеті

1885800

13

Қарағанды қаласының әділет басқармасы

35

Әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы (халыққа қызмет көрсету орталықтарында)

Қарағанды қаласының бюджеті

1885800

14

"Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

21

Жолаушылар мен такси жүгін тасымалдау шарттарын жасасу және тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

1152228

15

"Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

15

Жергілікті ақпарат құралдарын контент-талдау, жастар ұйымдары мен ұлттық-мәдени орталықтардың мәліметтер базасын жаңарту

Қарағанды қаласының бюджеті

808200

16

"Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

15

Электрондық база жүргізу, құжаттарды өңдеу жұмыстары

Қарағанды қаласының бюджеті

808200

17

"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

20

Тізілімдер мен хабарландыру хаттарды дайындау жұмысы, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

1077600

18

Қарағанды облысының ішкі істер Департаменті

144

Видео бақылау жүйесіндегі жедел басқару Орталығында жұмыс жасау

Қарағанды қаласының бюджеті

7758720

19

Қарағанды қаласының ішкі істер Басқармасы

306

Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды жеткізу, құжаттардың санын толтыру мен тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

16487280

20

"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

80

Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аула аралау, қаланың әлеуметтік картасын нақтылау, құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

4310400

21

Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше

20

Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғызбасты қарт адамдарды анықтау

Қарағанды қаласының бюджеті

1077600

22

Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше

20

Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғызбасты қарт адамдарды анықтау

Қарағанды қаласының бюджеті

1077600

23

"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

13

"Мекенжай тіркелімі" дерекқорындағы мекенжайлық ақпаратты нақты бар ақпаратпен салыстырмалы түрде тексеру

Қарағанды қаласының бюджеті

700440

24

"Қарағанды қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

12

Коммуналдық меншік обьектілерін түгендеу жұмыстары, мұрағатқа өткізілетін құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

658416

25

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

18

Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыссыздықтың санын өсірмеуге байланысты құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

969840

26

"Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі

32

Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды орындауға байланысты құжаттарды өңдеу, ветеринарлық және ауыл шаруашылық қайта өңдеу обьектілерімен жұмыс

Қарағанды қаласының бюджеті

1724160

27

Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы

10

Көркейту, аймақтарды тазалау

Қарағанды қаласының бюджеті

538800

28

"Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

22

Көркейту, көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

1233533

29

"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы

42

Автомобиль жолдарын көгалдандыру және күтіп ұстау

Қарағанды қаласының бюджеті

2305768


Барлығы

1818



98788000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады