Көшпелі сауда туралы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі N 34/03 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 қыркүйекте N 8-1-98 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 25.05.2016 № 21/10 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саяжайлардың, жеке қосалқы және үй жанындағы учаскелер иелері маусымдық өнімдерін сату үшін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағындағы көшпелі сауда орындары анықталсын (қосымша).
      2. "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қалмаханов Т.С.), "Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Медеубаев К.М.) он күн ішінде көшпелі сауда үшін анықталған орындардың өлшемдері мен шекараларын белгіленген тәртіпте анықтасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары В.Н. Ивановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми түрде жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
 

Қарағанды қаласының әкімі
 

И. Тоғайбаев
 

   


Қарағанды қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 22 шілдедегі
N 34/03 қаулысына
қосымша

Саяжайлардың, жеке қосалқы және үй жанындағы учаскелер иелері маусымдық өнімдер сату үшін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағындағы анықталған көшпелі сауда орындарының
тізбесі

      1. Көгілдір тоғандар ықшамауданы, N 17 үйдің жанындағы аумақ;
      2. 18 ықшамауданы, N 12 үйдің жанындағы аумақта ("Феллида" дүкені);
      3. 17 ықшамауданы, N 41, 42 үйлердің жанындағы аумақ (Халық банкінің филиалы)
      4. Зелинский көшесі, N 28 а, N 30/1, N 32 үйлердің арасындағы аумақта;
      5. 23 ықшамауданы, N 3/1 құрылысы жанындағы аумақта ("Корпорация Вест");
      6. 2 квартал, гараж массиві мен темір жолдың арасындағы аумақта;
      7. Мануильский көшесі, 19 үйдің жанындағы аумақта ("Рахат" дүкені).
 

О выездной торговле

Постановление акимата города Караганды Карагандинской области от 22 июля 2009 года N 34/03. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды Карагандинской области 07 сентября 2009 года N 8-1-98. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 25 мая 2016 года N 21/10

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 25.05.2016 N 21/10 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьи 27 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить места для выездной торговли сезонной продукцией владельцами дачных, личных подсобных и приусадебных участков на территории Октябрьского района города Караганды (приложение).
      2. Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Караганды" (Калмаханов Т.С.), государственное учреждение "Отдел земельных отношений города Караганды" (Медеубаев К.М.) в течение десяти дней в установленном порядке определить размеры и границы мест, определенных для выездной торговли.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Караганды Иванова В.Н.
      4. Данное постановление вводится в действие по истечению десяти календарных дней после его официального опубликования.

Аким города Караганды
И. Тогайбаев

      

  Приложение
к постановлению акимата
города Караганды
от 22 июля 2009 года
N 34/03

Перечень
мест, определенных для выездной торговли сезонной продукцией владельцами дачных, личных подсобных и приусадебных участков на территории Октябрьского района города Караганды

      1. Микрорайон Голубые пруды, на прилегающей территории дома N 17;
      2. 18 микрорайон, на прилегающей территории дома N 12, (магазин "Феллида);
      3. 17 микрорайон, на прилегающей территории домов N N 41, 42 (филиал Народного банка);
      4. Улица Зелинская, на прилегающей территории между домами N 28 а, N 30/1, N 32;
      5. 23 микрорайон, на прилегающей территории строении N 3/1, ("Корпорация Вест");
      6. 2 квартал, на прилегающей территории между гаражным массивом и железной дорогой;
      7. Улица Мануильская, на прилегающей территории дома N 19 (магазин "Рахат").