Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 25.05.2016 № 21/10 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саяжайлардың, жеке қосалқы және үй жанындағы учаскелер иелері маусымдық өнімдерін сату үшін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағындағы көшпелі сауда орындары анықталсын (қосымша).
2. "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қалмаханов Т.С.), "Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Медеубаев К.М.) он күн ішінде көшпелі сауда үшін анықталған орындардың өлшемдері мен шекараларын белгіленген тәртіпте анықтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары В.Н. Ивановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қарағанды қаласының әкімі |
И. Тоғайбаев |
Қарағанды қаласы әкімдігінің |
Саяжайлардың, жеке қосалқы және үй жанындағы учаскелер иелері маусымдық өнімдер сату үшін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағындағы анықталған көшпелі сауда орындарының
тізбесі
1. Көгілдір тоғандар ықшамауданы, N 17 үйдің жанындағы аумақ;
2. 18 ықшамауданы, N 12 үйдің жанындағы аумақта ("Феллида" дүкені);
3. 17 ықшамауданы, N 41, 42 үйлердің жанындағы аумақ (Халық банкінің филиалы)
4. Зелинский көшесі, N 28 а, N 30/1, N 32 үйлердің арасындағы аумақта;
5. 23 ықшамауданы, N 3/1 құрылысы жанындағы аумақта ("Корпорация Вест");
6. 2 квартал, гараж массиві мен темір жолдың арасындағы аумақта;
7. Мануильский көшесі, 19 үйдің жанындағы аумақта ("Рахат" дүкені).