Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.04.11 N 09/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтардың – жоғары және орта кәсіби оқу орыны түлектері білім мен біліктілігін тәжірибелі түрде меңгеріп жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін ұлғайту мақсатында Жезқазған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жұмыспен қамту бөлімі) - жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган:
1) жұмысқа орналасуға ықпал етуге және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, алғашқы кәсіби біліктілігін жетілдіруде жағдай жасауға, жоғары және орта кәсіби оқу орындарын бітірген (бұдан әрі - кәсіби оқу орындары) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз есебіне тіркелген, жұмыссыз жастар арасында жастар практикасын жүргізуді ұйымдастырсын;
2) кәсіби оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне – жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен шарт жасасын;
3) жастар практикасы іс-шараларын өткізуді қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасында қарастырылған 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту" ішкі бағдарламасымен қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен жүргізілсін;
4) жастар практикасына қатысушылардың еңбек жалақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау кала әкімінің орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі Қ. Балмағамбетов