Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.
Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына, 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" және 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 2 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың келесі санаттарына айына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін:
1) 2009 жыл бойында жәрдемақы тағайындауға өтініш білдірген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындарға;
2) 2009 жыл бойында жәрдемақы тағайындауға өтініш берген - 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушы-балаларға.
2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) берілетін материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға материалдық көмекті "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төлесін.
3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енеді.
Теміртау қаласының әкімі О. Бітебаев