Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарқындағы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту мақсатында нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
еңбек нарқында талап етілмейтін, ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
жас отбасылар (29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар);
жұмысқа тұруда қиындық көріп жүрген жасы 45 жоғары жастағы әйелдер;
кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелейтін және (некені бұзғаннан кейін) қайта некеге тұрмаған жесір әйелдер;
қоғамдық жұмыстарға тартылған, бірақ жұмысқа тұрғызылмаған тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | О. Бітебаев |