Жергілікті өкілетті органдардың шешiмі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының XXIII сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 207 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 8-5-83 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2011 жылғы 18 қазандағы N 377 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2011.10.18 N 377 шешімімен.

      2008 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XXIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету мақұлдансын.
      2. Біржолғы материалдық көмек алу құқығы келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күні мерекесі қарсаңында - 50000 теңге;
      2) Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарына қатысқан тұлғаларға - 5000 теңге;
      3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 10000 теңге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға - 5000 теңге;
      5) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) - 10000 теңге;
      6) соғысқа қатысқанда қайтыс болғандардың әйелдеріне (күйеулеріне) - 5000 теңге;
      7) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істегендерге - 5000 теңге;
      8) Ауғанстан аумағында ұрыс әрекетiне қатысқандарға - 5000 теңге;
      9) балаларды қорғау күні қарсаңында 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және мүмкіншіліктері шектелген балаларға - 2000 теңге;
      10) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған батыр аналарға – 5000 теңге;
      11) Қаражал қаласының Құрметті азаматы атағы берілгендерге қала Күніне – 2000 теңге және Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында – 3000 теңге.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.04.15 N 245 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      3. Түберкулезбен ауратын адамдарға (болмаған жағдайда) жеке куәлiк жасатуға, ем алу кезінде өзi тұратын мекенiнен ем алу мекемесіне дейінгі жол шығынына ұсынылған жол құжаттары бойынша көмек көрсетілсін.
      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) бiржолғы материалдық көмекті тағайындайды және бюджетте қаралған тиісті көлемдегі төлемдерді алушылардың жеке есеп шоттарына аударады.
      5. Қаражал қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 105 "Жергілікті өкілді органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (2008 жылғы 30 желтоқсандағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiнде тіркеу нөмірі 8-5-61, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазыналы өңір" газетінiң 53 нөмiрiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      7. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      XXIII сессияның төрағасы,
      қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдiрсiзов

О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов

Решение XХIII сессии Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 21 декабря 2009 года N 207. Зарегистрировано Управлением юстиции города Каражал Карагандинской области 20 января 2010 года N 8-5-83. Утратило силу - решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 18 октября 2011 года N 377

      Сноска. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 18.10.2011 N 377.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 04 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и решением XХIII сессии городского Маслихата от 21 декабря 2009 года N 203 "О бюджете города на 2010-2012 годы", городской Маслихат РЕШИЛ:
      1. Одобрить предоставление единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов.
      2. Право на получение единовременной социальной помощи имеют граждане Республики Казахстан следующих категорий:
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны в День Победы - 50000 тенге;
      2) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС – 5000 тенге;
      3) бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - 10000 тенге;
      4) лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - 5000 тенге;
      5) жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов - 10000 тенге;
      6) жены (мужья) умерших участников войны – 5000 тенге;
      7) проработавшие в годы Великой Отечественной войны не менее 6 месяцев – 5000 тенге;
      8) участники боевых действий на территории Афганистана – 5000 тенге;
      9) дети-инвалиды до 16 лет и дети с ограниченными возможностями в День защиты детей - 2000 тенге;
      10) матери–героини награжденные подвесками "Алтын алка" и "Кумыс алка" – 5000 тенге;
      11) Почетные граждане города Каражал ко Дню города – 2000 тенге и ко Дню Конституции Республики Казахстан - 3000 тенге.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением  Каражалского городского маслихата от 15.04.2010 N 245 (порядок введения в действие см. в пункте 3).
      3. Оказать помощь лицам, больным туберкулезом на изготовление удостоверения личности (в случае отсутствия), на проезд в период лечения от места проживания до лечебного учреждения по предъявленным проездным документам.
      4. Отдел занятости и социальных программ (Гармашова Н.Н.) назначает единовременную материальную помощь и перечисляет соответствующие суммы выплат предусмотренные в бюджете, на лицевые счета получателей.
      5. Признать утратившим силу решение Каражалского городского Маслихата от 22 декабря 2008 года N 105 "О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-5-61 от 30 декабря 2008 года, опубликовано в газете "Қазыналы өңiр" 30 декабря 2008 года N 53).
      6. Контроль за исполнением данного решения возложить на председателя постоянной комиссии городского Маслихата по вопросам социальной сферы и правовой защиты (С. Сыртанбеков).
      7. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXIII сессии,
      секретарь городского Маслихата             Н. Кадирсизов