Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 105 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 желтоқсанда N 8-5-61 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 207 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.12.21 N 207 шешімімен.

      2008 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсанындағы XII сессиясының N 99 "2009 жылғы қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мақұлдансын.
      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып анықталсын.
      3. Біржолғы материалдық көмек алу құқығы келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі;
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күні мерекесі қарсаңында - 10000 теңге;
      2) Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 5000 теңге;
      3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 5000 теңге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға - 5000 теңге;
      5) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) - 3000 теңге;
      6) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істегендерге - 2000 теңге;
      7) Ауған майдангерлеріне - 5000 теңге;
      8) балаларды қорғау күні қарсаңында 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және мүмкіншіліктері шектелген балаларға- 2000 теңге;
      9) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған батыр аналарға - 2000 теңге беруге;
      10) Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Қаражал қаласының Құрметті азаматы атағы берілгендерге - 2000 теңге.
      4. Түберкулезбен ауратын адамдарға төлқұжат дайындауға (болмаған жағдайда), ем алу кезінде өзі тұратын мекенінен ем алу мекемесіне дейнігі жол шығынына (ұсынылған жол құжаттары бойынша) көмек көрсетілсін.
      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) біржолғы материалдық көмекті тағайындайды және бюджетте қаралған тиісті көлемдегі төлемдерді алушылардың өздері таңдаған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктегі жеке есеп шотына аударады.
      6. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 40 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (2008 жылғы 08 ақпандағы Қаражал қаласының Әділет басқармасында тіркеу нөмірі 8-5-49, 2008 жылғы 15 наурыздағы N 11 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет және экономия мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Мусин) жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      XII сессиясының төрағасы                   Т. Қасымов

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдірсізов

      Келісілді:
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің
      бастығы Н. Гармашова
      2008 жыл 22 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады