Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010.07.09 N 581/21 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қаулысына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-28, 2006 жылғы 3 қарашадағы N 43 (842) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған, 2006 жылғы 10 қарашадағы N 44 (843) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), Шахтинск қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі ХХХІV сессиясының "Шахтинск қалалық Маслихаттың "Азаматтарға тұрғын үй жәрдем ақыларын және тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудегі ұсыныстар Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 қазандағы XXVII сессисының N 240/27 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 312/34 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-42, 2007 жылғы 7 қыркүйектегі N 36 (886) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), Шахтинск қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 3 сәуірдегі V сессиясының "Шахтинск қалалық Маслихаттың 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 390/5 шешіміменөзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-52, 2008 жылғы 16 мамырдағы N 19 (921) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ келесі басылымда баяндалсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы Шахтинск аумағында тұрғылықты тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау төлеміне шыққан шығын, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, қатты отын мен коммуналдық қызметті тұтыну тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, қатты отын сатып алуға, сонымен қатар, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу кестесі, жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемі және олардың шыққан шығындардың шектік үлесі Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасына сәйкес белгіленеді. Тұрғын үйді күтіп ұстауға, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындардың шектік үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қарым-қатынасқа таратылады.
Сессия төрайымы Н. Дериева
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Ә. Сатова