Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2010.07.07 N 12/07 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өкілетті органда тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес нысаналы топтардың 11 жұмыссыз үшін үш ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Кәсіпорындарға әлеуметтік жұмыс орындарды тәртіп бойынша ұйымдастыру үшін Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген жеке еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
3. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнар Тақуқызы Жүпенова) белгіленген тапсырма талабы мен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде кәсіпорындадың өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматарды өтінімдер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдама берілсін.
4. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Баранов Николай Анатольевич) 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 222000 (екі жүз жиырма екі мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахмежанқызы Даутоваға жүктелсін.
6. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы "2008 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2008 жылдың 27 науырызда тіркелінді, тіркеу N 8-14-67) N 03/15 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шайдаров
Қосымша
аудан әкімдігінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
N 04/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының
ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің тізбесі:
N |
Ұйымдардың және жеке кәсіпкерлердің атауы |
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны |
1 |
"Индустриальный" Өндірістік кооперативі |
6 |
2 |
"Абильдинова Ғалия Қудайбергенқызы" жеке кәсіпкер |
2 |
3 |
"Приб Анна Юрьевна" жеке кәсіпкер |
3 |