"Жол картасы" аясында нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 14/4 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 шілдеде N 8-4-150 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамызда N 27/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.08.11 N 27/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді таңдау Тәртібі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. Нысаналы әлеуметтік топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
      3. Республикалық бюджеттен әрбір қатысушыға орташа айлық төлемақы 15 000 теңге көлемінде бекітілсін.
      4. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік Мекемесіне (З.А. Медетбекова) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүргізсін.
      5. "Приозерск қаласының қаржы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі (Қ.К. Қошқаралиев) мақсатты трансферттен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтарға жататын жұмыссыздардың еңбек ақысын қарастырылған облыстық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырдан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайда болған құқық қатынастарға қолданылады.

      Приозерск қаласының әкімі                  Н. Бікіров

Приозерск қаласының әкімдігінің
2009 жылғы 12 маусымдағы
N 14/4 қаулысына қосымша

Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді таңдау Тәртібі

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі Уәкілетті орган) сұраныс береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс беруші таңдау кезінде мекеменің төлеу қабілеті, айлық еңбекақысының уақытылы төленуі, техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуы, мекемеде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі нормаларының сәйкестігі сақталуы, Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі біткеннен кейін тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі талаптарын Уәкілетті орган есепке алады.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін Уәкілетті органмен келісім-шарт жасасады. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, түрлері, жұмыс көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздар саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыруда тұрақты жұмыс орындары мен бос лауазымдық орындар қолдалынбайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға Уәкілетті орган жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдап, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын береді. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыссыздар жұмыспен қамтылу мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.
      6. Жұмыс беруші жұмыссыздың еңбекақы шығындарын төлеу үшін әр айдың 20 күніне дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіп бойынша: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған қызметкерлер туралы есеп және орындалған жұмыстың кесімін береді.
      7. Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау Тәртібің орындауды бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп в рамках "Дорожной карты"

Постановление акимата города Приозерск Карагандинской области от 12 июня 2009 года N 14/4. Зарегистрировано Управлением юстиции города Балхаша Карагандинской области 01 июля 2009 года N 8-4-150. Утратило силу - Постановлением акимата города Приозерск Карагандинской области от 11 августа 2011 года N 27/2

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Приозерск Карагандинской области от 11.08.2011 N 27/2.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года N 264 "О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года "Через кризис к обновлению и развитию", акимат города Приозерск ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп (согласно приложения).
      2. Социальные рабочие места организуются для целевых социальных групп.
      3. Утвердить размер среднемесячных отчислений на одного участника из республиканского бюджета 15 000 тенге.
      4. Государственному Учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Приозерск" (Медетбекова З.А.) осуществлять организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп.
      5. Государственному Учреждению "Отдел финансов города Приозерск" (Кошкаралиев К.К.) обеспечить финансирование оплаты труда безработных из целевых групп, направленных на социальные рабочие места из целевых трансфертов, предусмотренных в областном бюджете.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Приозерск Казиеву Б.А.
      7. Настоящее постановление вводится в действие после его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 мая 2009 года и действует по 31 декабря 2009 года.

      Аким города Приозерск                      Н. Бикиров

Приложение
к постановлению
акимата города Приозерск
от 12 июня 2009 года N 14/4

Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

      1. Работодатель подает заявку на организацию социальных рабочих мест в Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Приозерск" (далее Уполномоченный орган).
      2. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие требования: платежеспособность предприятия, своевременность выплаты заработной платы, соответствие рабочего места нормам техники безопасности, соблюдение на предприятии норм Трудового кодекса Республики Казахстан, возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора с Уполномоченным органом.
      3. Работодатель заключает договор с Уполномоченным органом на организацию социальных рабочих мест. В договоре отражаются обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, количество направляемых безработных. Работа носит временный характер, и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      4. Уполномоченный орган выдает направление безработным из целевых групп населения для трудоустройства на социальное рабочее место.
      5. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности. Срок занятости безработных на социальных рабочих местах допускается до шести месяцев.
      6. Работодатели для возмещения расходов по оплате труда ежемесячно до 20 числа текущего месяца предоставляют в Уполномоченный орган в установленном порядке: выписку из приказа о приеме на работу, табель учета рабочего времени, отчет о принятых на социальные рабочие места работников и акт выполненных работ.
      7. Контроль за исполнением настоящего Порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.