"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 12/147
шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2042 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 28 ақпандағы № 35 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына:
2-тармақтың кестесі жаңа редакцияда жазылсын:
Рет
|
Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
1. |
Көмірсутектер |
44,6 |
2. |
Көміртегі тотықтары |
14,6 |
3. |
Метан |
0,8 |
4. |
Күкірт диоксиды |
200 |
5. |
Азот диоксиды |
200 |
6. |
Күл |
240 |
7. |
Күкіртті сутегі |
1240 |
8. |
Меркаптан |
199320 |
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыстық мәслихат хатшысы
Р. Борашов Б. Шелпеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Облыстық табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы
М. Жүнбасов
«___» ________ 2009 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жайық-Каспий экология департаменті
облыстық филиалының бастығы
Ы. Ноғаев
«___» ________ 2009 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы бойынша
Салық департаментінің бастығы
А. Теңгебаев
«___» ________ 2009 ж.