Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 12/147 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 ақпанда N 2042 тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                       Облыстық мәслихат хатшысы
      Б. Жүсіпов                            Б. Шелпеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Облыстық табиғи ресурстар және
      табиғат пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығы
      Б. Бисенов
      30 қаңтар 2009 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Жайық-Каспий экология департаменті
      облыстық филиалының бастығы
      Ы. Ноғаев
      30 қаңтар 2009 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы бойынша
      Салық департаментінің бастығы
      А. Теңгебаев
      30 қаңтар 2009 ж.

Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 30 қаңтардағы
N 12/147 шешіміне қосымша

Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиды

200

6.

Күл

240

7.

Күкіртті сутегі

1240

8.

Меркаптан

199320

       Ескерту. 2 тармақтағы кесте жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/169 шешімімен.

      3.Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48

      4.Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары:

Рет
N

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"янтарь" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

жіктелмегендер

0,9


1.3.

Бұдан басқа:



1.3.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.5.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,018


2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

      6. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы шешімде белгіленген төлемақы ставкаларына:
      1 - тармақта – 0,3 коэффициенті;
      4 - тармақта – 0,43 коэффициенті;
      5 - тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.

      7. Осы шешімнің 6-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

      8. Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы шешімде белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады